04.05.2024
23:25

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
26 Желтоксан 2022
153

департамент басшылығы мен қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, мұқтаж адамдар үшін қан тапсырды.

О шеті мен бұ шетіне ұшқан құстың қанаты талатын, жерінің асты да, үсті де қазынаға толы қасиетті Қазақ елінің🇰🇿 өткені өнегелі, бүгіні берекелі. Осынау кең байтақ  атырапты қызғыштай қору жолында Қарулы Күштерге үлкен міндет жүктелген. Ел арасынан шыңдалып шыққан сайыпқыран сардарлар мен  сарбаздар бұл үдеден табыла білуде. Ал әскери міндетті азаматтарды жұмылдырып, ұйымдастыру  шараларын жүргізуде Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ұжымы аянып жатқан жоқ. Қалыптасқан дәстүр бойынша жылына екі мәрте тепсе темір үзетін тұлғалар іріктеліп, Отан алдындағы борыштарын өтеуге жіберілуде. Осындай маңызы зор жұмыстарды асқан жауапкершілікпен орындап келе жатқан мекеме ұжымы патриоттықтың тағы бір үлгісін бүгін байқатты. Атап айтқанда, департамент басшылығы мен қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, мұқтаж адамдар үшін қан тапсырды. Бұл тұрғыда біз қауырт жұмысқа қарамастан ізгі амал үшін уақыт тауып келген мекеме ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе