Адам баласы өмірдің сантарау жолында әртүрлі жағдайларға тап болып жатады. Осындай қиындыққа ұшыраған жандардың қамын ойлап, алып - ұшып жететін азаматтардың аз емес екенін жұмыс барысында көріп жүрміз. "Адамның күні - адаммен" деген осы емес пе? Міне, сондай арындай ойлайтын арлы тұлғалардың қатарында Жамбыл облысы полиция департаменті ұжымының бар екенін біз зор мақтанышпен айта аламыз. Осы орайда облыстық қан орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Умаров Қазақстанның🇰🇿Еңбек ері, елімізге белгілі азамат Мұқаш Ескендіровпен бірге өтеусіз донорлыққа өлшеусіз үлес қосып жүрген Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысына Арманбек Хәкімбекұлына арнайы "Алғыс хат" тапсырды. Біз игілікті іске бағытталған өзара ынтымақтастығымыздың алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенім артып, риясыз ризашылығымызды білдіреміз.
14 Желтоксан 2022
242