Тосыннан келген "тілсіз жаудың" тигізер зардабы да орасан. Оқыс оқиғаларды болдырмау жолында облыстық «Төтенше жағдай департаментінің» мамандарына жүктелген жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Сала қызметкерлері ауқымды міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Қақаған аяз, ақтүтек боран, аптап ыстық сияқты табиғат құбылыстарына қарамастан өз жұмыстарын жүйелі жүзеге асыратын мамандар талай жанның өмірін арашалап, көпшіліктің батасына кенеліп жүр. Бүгін департамент ұжымы біркісідей қан тапсырып, тағы да игілікті істің басы - қасынан табылды. Бұл тұрақты негіздегі патриоттық шараның жарасымды жалғасы десек те болады. Өйткені төтенше жағдай саласының өкілдері мұқтаж жандарға қол ұшын созудан аянып қалған емес. Осы орайда департамент басшылығы мен қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1554-dana-aza-ta-apat-ajtyp-kelmejdi-degen-s-z-bar.html#sigFreeIdd767bebf59