Мұнда жарқын жобалар да көптеп жүзеге асуда. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастырып, аймақ экономикасын дамытуда "Тараз" әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының да қосып отырған үлесі қомақты. Бүгін корпорация қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, қайырымдылық пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Осы орайда донорлық қозғалысты дамытуға атсалысқан ұжым мүшелеріне, басқарма төрағасы Әбілқайыров Дәулет Мақсұтұлына зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1541-zhambyl-oblysy-ndirisi-rkendep-auyl-sharuashyly-y-salasy-al-a-bas-an-ajma.html#sigFreeIdd33f79fb4a