26.04.2024
19:16

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
29 Қазан 2022
168

Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары күн сайын жүзінен нұр, жүрегінен мейірім төгіліп тұратын жандарды құрақ ұша қарсы алады

Жамбыл облыстық қан 🩸орталығының мамандары күн сайын жүзінен нұр, жүрегінен мейірім төгіліп тұратын жандарды құрақ ұша қарсы алады. Донорларға дәрігерлер 🧑🏻‍⚕️тарапынан тиісті нұсқаулықтар беріледі. "Адамның күні-адаммен" дегендей,  көмекке зәру науқастар  үшін қол ұшын 🤝созуға келіп тұрған жандарды көргенде шын мәнінде қуанасың. Бұл елдігіміз бен бірлігіміздің🇰🇿 бекем екенін көрсетсе керек. Бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне 👨🏻‍✈️қарасты № 26 түзеу мекемесінің қызметкерлері де осындай ізгілікке толы амалдың ұйытқысы бола білді. Темірдей тәртіпке арқа сүйейтін сала мамандары мейірімділіктің де жарқын үлгісін көрсетті. Осы орайда мекеме басшылығы мен ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе