"Денсаулық-зор байлық" дейді дана халқымыз. ✅Дегенмен адам баласы тағдырдың жазуымен әртүрлі сынақтарға тап болып жатады. Көп мөлшерде қан 💉жоғалтудың салдарынан өмір мен өлімнің арасында жатқан жандар аз емес. Осындай жағдайға душар болған мұқтаж кісілерге донорлардың қолдауы ауадай қажет. Бұл тұрғыда қайырымды азаматтардың қатары көп екенін жоққа шығаруға болмайды. Бұл жәйтқа бүгін Тараз қаласындағы 7-емханада 🏢өткен "Донор күні" акциясы аясында тағы бір мәрте көз жеткіздік. Өзгелердің өміріне бейжай қарамайтын азаматтар 👩🏻⚕️🧑🏻⚕️лек-легімен қан тапсырып, ұйымшылдық танытты. Осы орайда қан 🩸орталығы жылжымалы бригадасының жұмысына қолдау көрсетіп, сауапты істі үйлестіре білген емхана ұжымы мен барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1513-densauly-zor-bajly-dejdi-dana-khal-ymyz.html#sigFreeIdd432fe71b7