Бұл әрі сауапты, әрі жауапты қадам. Бұл тұрғыда облыстық қан орталығына келіп немесе мекеменің жылжымалы бригадасы сапарға шыққанда донор болып жүрген адамдарға деген қоғамның құрметі де бөлек.
Бүгін Байзақ ауданындағы №1 мектеп-гимназияның аумағында "Донор күні" акциясы ұйымдастырылып, игілікті шараға жергілікті жұртшылық белсенділікпен қатысты. Акция туралы алдын ала хабарлама беріліп, донорларға жадынама таратылды. Осы орайда шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан "AMANAT" партиясы Байзақ аудандық филиалының хатшысы Шолпан Байтақоваға, Байдақ аудандық орталық ауруханасының ұжымына, №1 мектеп-гимназияның директоры Гүлпаш Жамановаға және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.