Өмірден көргені мен түйгені мол, өнегелі істерімен үлгі көрсете білетін қариялар қауымына қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Осы орайда БҰҰ шешімімен 1990 жылдан бері 1 қазан Қарттар күні ретінде аталып келеді. Облыстық қан орталығының ұжымы да дәл осы мерекені ескерусіз қалдырған емес. Бүгінде мекемеде зейнет жасына жетсе де ұзақ жылдар бойы жиған тәжірибесін саланың дамуына арнап, халықтың денсаулығын нығайтуға сүбелі үлес қосып келе жатқан 9 ‼️ардагер қызмет атқаруда. Мереке аясында облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров аға буын өкілдеріне айрықша ілтипат білдіріп, ізгі тілегін арнады. Сонымен қатар азық-түлік қоржындары тарту етілді.