Бұл бағытта әдістемелік көмек көрсетудің тиімділігі зор. Осы орайда облыстық қан орталығы тарапынан клиникалық трансфузиология бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмекті қамтамасыз ету және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында кураторлық жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін мамандар тобы бірқатар ауруханадарда болып, Қан мен оның компоненттерін алу, тасымалдау, сақтау және беру шараларына, өзге де талаптардың сақталауына назар aударды. Тиісті нұсқаулықтармен бөлісті.
Осы жұмыстардың жалғасы ретінде бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының директорыныңорынбасары П.М. Жаманкулова, қан дайындау бөлімшесі менгерушісінің міндетін атқарушы Р.А. Көмекбаева және бас медбике Э.М. Ембаева Сарысу орталық аудандық ауруханасы ат басын бұрып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
#ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор #tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор #МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь