23.11.2024
00:27

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
22 Қыркүйек 2022
275

Саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуда денсаулық сақтау саласының мамандары да аянып қалған емес

Саламатты өмір салтын насихаттап,  бұқаралық спортты дамытуда денсаулық сақтау саласының мамандары да аянып қалған емес. Оған “SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған медицина қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада дәлел бола алады.

Төрт күнге созылған жарыста жамбылдық ақ халатты абзал жандар жасындай жарқылдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Нақтырақ айтқанда жалпыкомандалық есеп бойынша Түркістан облысы (118 ұпай) топ жарса, екінші орынды Жамбыл облысы (110 ұпай) еншіледі. Ал Шымкент қаласы (107 ұпай) үшінші орынды қанағат тұтты.

Осы орайда облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жекелеген спорт түрлері бойынша жетекшілер бекітілген болатын. Мысалы, жүзу спорты бойынша облыстық қан орталығының директоры Гулам Мухтарович Умаров жүзу спортына жауапты болды. Сәйкесінше көрсеткіш те көңіл көншітіп отыр. Мысалы,  әйелдер арасында Гамилова Фаина 50 метр қашықтыққа  кроль әдісімен жүзуде екінші орынды иеленсе,  I50 метрге  арқамен жүзу әдісімен I орынды қанжығаға байлады. Сол сияқты  ерлер арасында 50 метрге  кроль әдісімен жүзуде  Жумабаев Саят бірінші орын және  Абдрасилов Азиз үшінші орыннан көрінді. Осылайша  жүзу спорт түрінен жалпы командалық есепте Жамбыл облысы  І орынға ие болды.

Сонымен қатар үстел теннисінен ерлер арасында жекелей есепте Болтабаев Бауыржанға үшінші  орын бұйырды.

Бүгін дүбірлі додада дес бермей, аймақтың абыройын асқақтатқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алғыс хаттар тапсырылды. Барша әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе