20.04.2024
16:38

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
24 Қаңтар 2022
843

«Адамның күні-адаммен» деген сөз бар

«Адамның күні-адаммен» деген сөз бар. Расында да өмірде бір-бірін демеп, қол ұшын созуға дайын тұратын жандарды көргенде разы боласыз. «Бір кісі мың кісіге олжа салар» деген тәмсіл де осындай ізгілік иірімдеріне қатысты айтылған болса керек. Сол сияқты мұқтаж адамдар үшін қан тапсыру да қайырымдылықтың жарқын көрінісі. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұжымы мен мәслихат депутаттары облыстық Қан орталығында болып, қан тапсырды. "Өмір әртүрлі сынақтардан тұрады. Жыл бастала салысымен орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғалары біздің партия өкілдерінің де жанына батты. Біз ғимараттардың өртенуін, кәсіпкерлік нысандарының тоналуын және жазықсыз жандардың өлімін ауыр қабылдадық. Осы қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Жарақат алған және емделіп жатқан отандастарымыздың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", - деді партия төрағасының оңтүстік өңір бойынша кеңесшісі Асан Қошмамбетов. Қоғамдық-саяси жұмыстармен қатар қайырымдылық жасаудан да қалыс қалмайтын "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы мүшелерінің бұл бастамасы көпке үлгі болатындығы сөзсіз. Осы орайда біз партия облыстық филиалының ұжымы мен мәслихат депутаттарына алғысымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе