Дертіне дауа іздеген адамдарға демеу болуды мақсат тұтқан «Донор күні» акциясы жалғасын табуда. Осы шара аясында облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы аймақтағы медициналық мекемелер мен кәсіпорындарға ат басын бұруда. Бүгін “Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының” ұжымы қан тапсырып, өтеусіз донорлыққа өзіндік үлестерін қосты. Мұқтаж адамдардың өмірі үшін қан тапсыру - жауапты әрі сауапты іс. Өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген әріптестеріміз бұл жолы да ізгілік пен мейірімділіктің үлгісін көрсетті. Ерікті донорлардың қатарын толықтырып, шарапаты мол шараға қолдау көрсетіп, акцияға біркісідей атсалысқан Қайрат Қыдырәліұлы Жетібаев пен аурухана ұжымына алғыс білдіреміз.
#BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы #Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови #ВОЗ #tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор #сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescent
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1377-dertine-daua-izdegen-adamdar-a-demeu-boludy-ma-sat-t-t-an-donor-k-ni-aktsiyasy-zhal-asyn-tabuda.html#sigFreeId2a375a864c