Бекітілген кестеге сәйкес, «Донор күні» акциясы Сарысу ауданында жалғасты. Бүгін «Сарысу аудандық орталық ауруханасына» келіп қан тапсырушылардың қарасы қалың болды. Донорлардың барлығы да акцияның ұйымдастырылуына дән риза екендіктерін жеткізді. Сынаққа толы сәтте қол ұшын созған адамның жақсылығы ешқашан да ұмытылмайды. Ерікті түрде қан тапсыратын азаматтардың амалы да ерлікпен пара-пар дүние. Осы шараның жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысқан «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Бұралқыұлы Есмұрзаевқа, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Әлия Абдуллақызы Қырғызбаева мен аурухана ұжымына және барлық донорларға алғысымызды білдіреміз.
#BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы #Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови #ВОЗ #tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор #сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescent
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1360-bekitilgen-kestege-s-jkes-donor-k-ni-aktsiyasy-sarysu-audanynda-zhal-asty.html#sigFreeId121031b68f