Талас ауданы-тағылымды тарихымен, табысқа толы тірлігімен ерекшеленген аймақ. Өңірдің денсаулық сақтау саласында да ілгерілеушілік бар екені бірден байқалады. Мұның бәрі де ұйымдастыру шараларының ұтымды жүргізілуіне тікелей байланысты. Оған бүгін Талас аудандық орталық ауруханасында өткен «Донор күні» акциясы аясында тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.
Бекітілген кестеге сәйкес өткізілген шараға жергілікті донорлар көптеп қатысып, айрықша белсенділік танытты. Бұл, әрине бірінші рет емес. Бұған дейін ұйымдастырылған акцияларға да қайырымды жандар кең көлемде қолдау көрсеткен болатын. Бұл жолғы сапардың да салмағы бөлек. Ақ желеңді абзал жандардың түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар ерікті түрде қан тапсырып, ерлікпен пара-пар іс атқарды. Осы орайда акцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы аянбай атсалысқан «Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа, филиалдың есеп және статистика секторының меңгерушісі Серік Бақдәулетұлы Қуанышбаевқа, «Талас аудандық орталық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері Есмахан Ауесханұлы Имамырзаевқа айтар алғысымыз зор.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1355-donor-k-ni-2.html#sigFreeId3b137926d2