Бүгін Байзақ аудандық орталық ауруханасында "Донор күні" акциясы өтті. Шара барысында ақ желеңді абзал жандар мен мекеме қызметіне жүгінуші тұрғындар өтеусіз негізде қан тапсырды.
Донор болу-адамгершіліктің биік көрінісі десек әсте қателеспеген болармыз. Өйткені, қиналғанға қол ұшын созу, мұқтаждардың мұңын сейілту, жабырқағандардың жанына жалау болу үлкен жүректі азаматтардың ғана қолынан келетін іс. Осы орайда акцияның өз деңгейінде өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен "Nur Otan" партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Қайратқызы Байтақоваға, Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рыскелді Молдабекұлы Сапарбековке зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1347-b-gin-bajza-audandy-ortaly-aurukhanasynda-donor-k-ni-aktsiyasy-tti.html#sigFreeId73f6636be2