"Жас келсе-іске" деген сөз тегін айтылмаса керек. Мұны жамбылдық жалынды жастар да нақты жұмыстармен дәлелдеп жүр. Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы бастаған азаматтар Жамбыл облыстық қан орталығында "Өмір сыйла"❤️ атты акция өткізді. Шара барысында жастар қан? тапсырып, өтеусіз донорлыққа өз үлестерін қосты. Жалпы, қан? тапсыру- ерікті түрде іске асатын амал. Мұның бәрі де жүрек түкпірінде жатқан жылылықпен, мейіріммен, бауырмалдықпен, жақсылық жасауға ұмтылып тұратын ізгілікпен ұштасатын дүние. Осы орайда еліміздің ертеңіне баланып отырған жастардың жасаған қайырымдылығы расында да көпке үлгі.??