Қан тапсыру-қайырымды іс. Өйткені осы бір ізгі амал арқылы қаншама адамға өмір сыйлап, үміт отын жағамыз. Соны жете түсінген атпал азаматтар өздері бастама көтеріп, көпке үлгі болып жатады. Бұл тұрғыда қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың сауапты іске сүбелі үлес қосып жататындығы қуантады. Бүгін "Ақ жол" Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы аппаратының қызметкерлері Жамбыл облыстық қан орталығында қан тапсырды. Осы орайда партияның облыстық филиалының төрағасы Асан Әнуарұлына айтар алғысымыз шексіз. Жолдарыңыз ақ болсын, ақжолдықтар!
#Бізбіргеміз #BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы #Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk