Оған бүгін аудандық орталық ауруханада өткен Донор күні акциясы аясында тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Облыстық Қан орталығының жылжымалы бригадасы арқылы 60 адам қан тапсырып, адами асыл қасиеттің айшықты үлгісін көрсетті. Осы орайда оңды бастамаға қолдау көрсеткен «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күлаим Жексенбіқызы Шағатаеваға, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жанар Мыктыбекқызы Оспановаға, барша медицица қызметкерлеріне айтар алғысымыз зор.
Қиналғанға қол ұшын созу, жабырқағанға жәрдем беру-ізгі амалдардың бірі. Сынақ болып жабысқан сырқатпен күресіп, өлім аузында жатқан ағайынға жылы сөздің өзі үлкен күш беріп жатады. Ал белді бекем буып, донор болуға бекінген азаматтардың сансыз сауапқа кенелетіндігі сөзсіз. Ендеше, Сіз де сырт қалмаңыз! Мұқтаж жандарды мүңайтпай, мұқым ел болып көмектесейік!
#Бізбіргеміз #BizBirgemiz #РахметСізгеДонор
#Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы
#Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1333-merejli-merki-zherinde-mejirimdi-zhandar-az-emes.html#sigFreeId7454c4ba5e