Бүгін Тараз қалалық №8 емханада ақ желеңді абзал жандар қан тапсырып, өтеусіз донорлыққа өзіндік үлестерін қосты. Сауапты іске емхананың бас дәрігері Данияр Дәулетбекұлы Ахмеджанов атсалысып, өзгелерге үлгі көрсетті. Ұжым мүшелері де ұйымшылдық танытты.
Өмірде әртүрлі жағдайлар кездесіп жатады. Оқыс оқиғалар немесе дендеген дерт салдарынан қиындыққа ұшыраған адамдарға донорлардың көмегі ауадай қажет. Оны мен осы салада қызмет етіп жүргендіктен жақсы түсінемін. Осы орайда бүгін ұйым қызметкерлерімен бірлесе отырып, қан тапсыруды жөн көрдік,-деді өз сөзінде Данияр Дәулетбекұлы.
Айта кету керек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 206-бабына сәйкес, он сегіз жасқа толған, тиісті медициналық куәландырудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген кез келген адам донор бола алады.
#Бізбіргеміз #BizBirgemiz #РахметСізгеДонор
#Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы
#Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk