Жамбыл облыстық қан орталығы құрылған уақытынан бері дертіне дауа іздеген жандар мен донорлар арасында дәнекер атанып, ұтымды істерге ұйытқы болуда. Осы орайда орталық тарапынан мекеме-кәсіпорындарға жолданған өтініш-хаттар да қолдау тауып жатқандығы қуантады. Мұның бәрі де адамдар арасындағы мейірімділік сияқты құнды қасиеттердің құрдымға кетпегендігін аңғартады. Бұл тұрғыда көптеген шаралар да ұйымдастырылуда. Мысалы, кеше Жамбыл аудандық орталық ауруханасында Донор күні акциясы өткізіліп, 92 адам ерікті түрде өтеусіз қан тапсырды. Осы шараның ұйымдастырылуына атсалысқан «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымға, аудандық аурухананың басшылығы мен ұжымына риясыз ризашылығымызды білдіреміз.
#Бізбіргеміз #BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы #Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk