26.04.2024
15:20

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
10 Тамыз 2021
474

Донор бол - өмірді құтқаруға көмектес!

Ерлік тек қияң-кескі ұрыстарда ғана емес, бейбіт өмірде де көрініс табатын қасиет. Әсіресе, өзгенің өмірін сақтап қалу үшін донор болып жүрген азаматтарды бүгінгі заманның батыры деп айтуға толық негіз бар. Дәл бүгін  Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы арқылы қан тапсырған «Садыхан» облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығының қызметкерлері осындай құрметке лайық!

Біз өтеусіз донорлықты дамытуға көмек көрсеткені үшін «Садыхан»  облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығының  барлық қызметкерлеріне  үлкен алғысымызды білдіреміз. Өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсете отырып донорлар қатарын толықтырған қайырымды жандардың қарекеті облысымыздың  тұрғындары мен мекеме-кәсіпорындар  қызметкерлеріне үлгі-өнеге. Шынында да, дендеген дерттен дегбірі қашқан  науқастар, бейкүнә балалар мен жүкті әйелдер  күн сайын қан компоненттеріне мұқтаж. Осы орайда барша азаматтарды сауапты әрі жауапты іске атсалысуға шақырамыз.

#Бізбіргеміз##BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр

#ЖамбылОблыстықҚанОрталығы #Өміргеүмітсыйла

#ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови

#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор

#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе