Қарбаласқа толы өмірде қарапайым ғана амалдар қаншама адамдарға үміт отын сыйлап, құштарлығы мен құлшынысын арттырады. Ертеңге деген сенімін нығайтып, еңсесін тіктейді. Міне, осы қатарда донор болып жүрген азаматтардың ісін нағыз ерлік деп бағалаған ләзім. Өйткені, донор өз қанын бере отырып, өзіне мүлде бейтаныс адамдардың өмірін сақтайды.
Донорлық қан-бұл жоспарлы емдеу кезінде де, шұғыл көмек көрсету кезінде де құнды ресурс. Осы орайда дәл бүгін донор болған Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы мен «Садыхан» облыстық консультациялық-диагностикалық медициналық орталығының бас дәрігері Тулешев Каныбек Жунусовичке Жамбыл облыстық қан орталығының атынан жауаптылықтарыңыз бен белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз үшін, науқастардың өмірін құтқаруда риясыз көмек көрсеткендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Донор болу – жоғары құрмет және сөзсіз сізге моральдық қанағат пен сенімділік әкеледі! Донор болыңыз- басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесіңіз!
#Бізбіргеміз##BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы#Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk