Бүгін 4 маусым күні Жамбыл облыстық қан орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиналыс өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.
Қан орталығының директоры Г. М. Умаров құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екенін атап өтті.
Соңында аудиторияға мемлекеттік рәміздер бойынша бейнеролик ұсынылды.