ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы және департамент жанынан құрылған ақпараттық ағартушылық штабының мүшесі Салтанат Жұмабекқызы—Жамбыл облыстық қан орталығы ұжымы арасында адалдық, әділдік ,парасаттылық қағидаттарын насихаттау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру бағытында кездесу өткізді.