Тараз қаласының әкімі Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы өз қанымен бөлісу – яғни біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлау үшін ?Жамбыл облыстық қан орталығына келіп қан тапсырды. Қан тапсыра отырып, Айтқазы Дәулетқұлұлы үш адамның өмірін❤️ сақтап қалуға немесе ғұмырын ұзартуға септігін тигізді.
Өз кезегінде қала әкімі Жамбыл облысының тұрғындарын қан донорлығына қосылуға шақырды.
«Менің ойымша, әрбір адам қан тапсыруы керек. Өйткені өмірде әртүрлі жағдайлар орын алады.
Төтенше жағдай болған кезде зардап шеккен адамдарға сирек кездесетін қан тобы керек болуы мүмкін. Ал ондай қан керек жағдайда болмауы мүмкін.
Адамдар мүмкіндігінше бір-біріне көмек көрсетуден бас тартпауы керек,» - деп атап өтті Айтқазы Дәулетқұлұлы.
Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымы? Тараз қаласының әкімі Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы мырзаға жасаған сауапты іске шексіз ризашылығын? білдіреді. Сізге бақ береке, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Аспанымыз ашық, халқымыз аман болсын! Өткенге ризашылық білдіріп, болашаққа сеніммен қадам басайық!
#BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы
#Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk