Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында "Nur Otan" партиясы «Салауат» бастауыш партия ұйымында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты отырысы өтті.Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынды.
Атап айтқанда, Елбасы бағдарламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруды, биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырды.
Аталған отырыста партия мүшелері сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды. "Елбасы тапсырғандай бағдарламалардың міндеттерін орындау үшін күнделікті кәсіби жұмыспен, жауапкершілікпен қарау керек.