«Адал жүрек» жалпы республикалық қайырымдылық науқаны аясында «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының бастамасымен 28 қыркүйек күні құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір сүру салты мен мейірімділікті және парасаттылықты насихаттау, қоғамның көмекке мұқтаж мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық марафоны өтеді.
Сағат 10:00-де Тараз қаласының Достық алаңынан бастап Төле би көшесінің бойымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін 2400 метрге құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер жүгіреді. Әрбір қатысушы марафонның басталуы алдында ерікті түрде қайырымдылық жарнасын төлейді.
Сонымен қатар, марафонға қатыспайтын құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер сағат 10:00-нан 14:00 ге дейін Тараз қаласы, Әл-Фараби көшесі, 2б мекен-жайында орналасқан облыстық Қан орталығында қан тапсырады.
Сіздерді марафонға қатысу арқылы қоғамның көмекке мұқтаж мүшелеріне қаржылық қолдау көрсетуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.