Ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Балаларды мектепке ?♂️? » Республикалық акциясы өз бастауын алған болатын.
Іс - шараның негізгі мақсаты әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндігі төмен отбасындағы оқушыларды керекті оқу- құралдарымен ?✏️?қамтамасыз ете отырып, қуанышты көңіл- күй сыйлау?. Жыл сайын Г.Умаров - қан орталығының директоры, облыстық маслихат депутаты және қан орталығының ұжымы республикалық акцияға белсенді ат салысады. Осы жылы 4 бала мектепке даярлап????, жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал-жабдықтары мен мектептің біркелкі киім үлгісі????і табысталды. Балалардың ата – анасы акция соңында "Нұр Отан" партиясына, Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымына үлкен алғыс білдірді.