Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні «Жамбыл облыстық қан орталығында» медициналық қызметкерлердің қатысуымен “Безгек пен Менингококкты менингит” тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында Безгек пен Менингококкты менингиттің эпидемиологиясы, патогенезі, профилактикалық шаралары туралы мәліметтер берілді. Семинар соңынан тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Безгек – Plasmodium тектес қарапайымдылар тудыратын, табиғи жағдайда Anopheles безгек масларының шағуы арқылы берілетін трансмиссиялық, паразиттік жұқпалы ауру.
Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру.