Экстракорпоральды гемокоррекция – бұл қазіргі таңда қан құрамын тазартуға арналған жоғары технологиялық процедуралар жүйесі. Бұл әдістер заманауи нано - және биотехнологияларға негізделген және олардың көмегімен пациенттің қанынан негізінен патогенді компоненттер – экзо - және эндотоксиндер, атерогенді липопротеидтер, холестерин, иммундық кешендер, аутосенсибилизацияланған иммундық жүйе жасушалары және аурудың даму себептері болып табылатын әртүрлі патологиялық субстанциялар іріктеп жойылады. Бұл ретте ағза үшін маңызды және пайдалы барлық компоненттер қайтадан қан айналымына қайтарылады.
Қазіргі заманғы қан құрамын түзету әдістері көптеген ауруларды емдеудің медикаментоздық тәсілдеріне қарсы қойылмайды, керісінше, дәстүрлі емдеу әдістерінің тиімділігін арттыратын қосымша әдістер ретінде қарастырылады. Бұл әдістер фармакологиялық емдеуге қарағанда физиологиялық тұрғыдан тиімдірек: олар ағзаның эволюциялық жолмен қалыптасқан детоксикация механизмдерін қолдап, аурулардың қайтымды сатыларында бұзылған функциялардың қалпына келуіне ықпал етеді.
Қанды экстракорпоральды тазартудың бір әдісі - емдік плазмаферез болып табылады.
Жамбыл облыстық қан орталығында 2024 жылы 140 пациентке 481 сеанс емдік плазмаферез жүргізілді. Бұл сеанстар миопатия, миастения, әртүрлі қабыну сипатындағы полинейропатиялар, идиопатиялық подагра, аутоиммундық гепатит, атопиялық дерматит, есекжем, псориаз, аллергиялық пурпура, токсикалық гепатит және панкреонекроз, гиперхолестеринемия синдромы, Гийен - Барре синдромы сияқты аурулар кезінде қолданылды. Науқастардың 70% - ында жалпы жағдайының айтарлықтай жақсаруы байқалды. Плазманы жоюдың орташа көлемі – 750 мл құрады.
Бұл процедураны орындауға қарсы көрсетілімдер де бар, оларға мыналар жатады: ағзаның қайтымсыз зақымдануы, тоқтатылмаған қан кету, ұюдың бұзылуы және асқазан жарасы. Сонымен қатар жүрек соғысы мен жүрек соғу жиілігінің бұзылуы, қан қысымның жоғарылауы, қан тұтқырлығының төмендеуі, етеккір, жедел жұқпалы аурулар, гипопротеинемия, егде жастағы науқастардағы анемия, шоктың әртүрлі түрлері, бауырдың ауыр аурулары, «нашар» тамырлар кезінде қан тазарту ұсынылмайды.
Барлық процедуралар стандартқа сай және трансфузиолог дәрігердің бақылауымен жүргізіледі. Процедура кезінде тек бір рет қолданылатын стерильді шығын материалдары пайдаланылады.