22.12.2024
06:46

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
05 Қазан 2017
2422

Директор блогына қош келдіңіз

 

Умаров Гулам Мухтарович

 

Біз сіздерді «Жамбыл облыстық қан орталығы » интернет-ресурс беттерінде көруге қуаныштымыз.
 
Әлемде қан құюға жыл сайын миллиондаған адам мұқтаж болады. Қан күйікке шалдыққандарға, жарақаттанғандарға керек. Күрделі операцияларды өткізу кезінде, ауыр босануларда қан құйылады. Ал гемофилиямен және қаны аздықтың ауруына шалдыққандарға – өмірін сақтап тұру үшін тек қан керек. Сонымен бірге химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет. Өмірде әрбір үшінші тұрғын бір рет донорлық қанды қажетсінеді дейді статистика.

Ғалымдардың жүргізген зерттеулері қан тапсыру адам денсаулығына зиянсыз екені дәлелдеген. Қан донорлығы ағзаға қолайлы әсерін тигізеді. Қан тапсыру холестерин деңгейін төмендетеді. Олардың зерттеулері қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфаркт, ишемиялық аурулармен он есе сирек ауыратынын анықтаған. Егерде, біздің елімізде 60%-ға дейін өлімдер жүрек-қан тамырлары патологиясынан - атеросклероз салдарынан екенін есепке алсақ, донорлық – ерте өлім және атеросклероз профилактикасының қандай қуатты әдісін ұсынатыны бәріне түсінікті. Қан тапсыру барлық қорландыру, асқортудың бұзылуын, ұйқы безі қызметінің, бауыр, негізгі алмастыру ауруларының, сонымен қатар иммунды жүйе ауруларын алдын ала емдеуге пайдалы. Сонымен қатар донорда кейбір жеңілдіктері болады. Әр қан тапсырғаны үшін ол 463 теңгеден жоғары ақша алады және жұмысында ақылы бір күн демалысы болады, ол демалысты бір жыл көлемінде өзіне керек уақытында пайдалана алады. Оған қоса ізгі ниеті үшін моралдық қанағаттанғанын айту керек.

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донорлық – көмек көрсету мен адам өмірін сақтап қалудың символы. Қан тапсыру – бұл донорлық рәсім, яғни 450,0 мл көлемде қан беру. Дені сау адамның осы көлемде қан тапсыруы физиологиялық қалыпты, қан жоғалту қаупі болмайды. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибесі донор болып қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Қан тапсырғанда қан айналу және иммундық жүйе жақсарып, қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексеріп мұқтаж жандарға өзінің аз да болса қанын сыйлап, өзінің бір бөлшегін табыстағандай болады.

Қан қызметі – денсаулық сақтау ісінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, оның негізгі мақсаты бейбіт заманда және төтенше жағдайлар кезінде науқастарға қанның компоненттері мен препараттарын қолданған кезде олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ол жалпы мемлекеттік стратегиялық сипатқа ие, себебі елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қозғайды.

Соңғы он жылдықтар ішінде, бір жағынан, қан компоненттерін құю тәуекелін түсінуге байланысты, ал екінші жағынан, науқастарға көмек көрсету үшін қан құю қажеттілігімен байланысты қан қызметінде түбегейлі өзгерістер болады.
Осылайша Жамбыл облысында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы желтоқсанда облыстық қан орталығы ашылды, ол жылына 15 мың литр қан дайындауға лайықталған, дүниежүзілік стандартқа сәйкес жаңа құрал-жабдықтармен жасақталған.
Осы кезден бастап облыс бойынша барлық емдеу мекемелерінде донорлық қан дайындау тоқтатылды. Қазіргі таңда облыс бойынша қан дайындау тек облыстық қан орталығында жүргізіледі.
Облыстық қан орталығы барлық облыстық, қалалық және аудандық медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен үздіксіз қамтамасыз етеді. Қан компоненттерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге өте көп көңіл бөлінеді.

Мұнда екі кезеңдік (ИФА+ПЦР) зертханалық анықтаулар енгізілді. Егер бұрын жұқпалы ауру туғызатын вирусты қан құрамында 20-30 күннен кейін ғана анықтайтын болса, қазіргі таңда адам ағзасына кірген вирусты 2-3-ші күні анықтауға болатын жағдайлар жасалған. Сонымен қатар жұқпалы ауруды қан арқылы таратпау үшін жаңа тәсілдер: карантиндеу, вирусинактивациялау, лейкосүзгіштен өткізу қолданылады. Бұл деген донорлық қан компоненттерін пайдаланған кезде ауруларда ешқандай жұқпалы аурулар болмайды деген сөз.

Қан – бір адам басқа адамға бере алатын құндылық. Бұл өмір сыйлау. Сіздің қан тапсыру шешіміңіз бір немесе бірнеше өмірді сақтап қала алады. Өзгенің өмірі бізді селқос қалдырмау керек, өйткені әр қайсымыз мұқтаждар болуымыз керек.

мДонор болу – сауабы тиер іс, өзгеге үлгі болар істі қаламыздың барлық мекемелері, ұйымдары, оқу орындары үлгі тұтып өздері де іске асырса екен деген тілегімізді білдіреміз.

Бұл сайттан Сіздер өздеріңізді қызықтыратын барлық ақпараттарды таба аласыздар. Қан орталығы жөнінде барлық сұрақтарыңызды қоя аласыздар
 
 
 
Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе