«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 090001, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, анықтама үшін телефондар: 8(7112)245525, факс 8(7112)245508, электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы (D-O-3 санаты, индекс 01-4-1), (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109898теңгеден 148301теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету; ана мен бала саулығын қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау; ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; балалар мен аналарға облыстың медицина ұйымдарымен көрсетілетін медициналық көмек сапасын бақылау; дәрігер педиатрлар мен акушер- гинекологтардың және педиатрия саласы бойынша басқарманың штаттан тыс бас мамандарының жұмысын және басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен ана мен бала саулығын қорғау саласындағы қызметті басқаруды үйлестіру; педиатр және акушер-гинеколог мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселелерін шешуге араласу; қызметіне қатысты бұйрық жобаларын дайындау; Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін тапсырмалардың бөлім мамандарымен орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылау. Талдай білу және ұйымдастыру қабілеті, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина).
- Персоналды басқару қызметінің басшысы, (D-O-3 санаты, индекс 01-6-1) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148301теңгеге дейін .
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету; тәртіптік, конкурстық, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларының қызметін ұйымдастыру; кадрлық іс жүргізуді «Е- қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды ұйымдастыру; белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қызметшілердің конкурстық іріктеуін ұйымдастыру; басқарма қызметшілерінің мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулерді сақтауын бақылау; қызмет орнын пайдаланудың, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің алдын алу; басқарма жұмыстарымен байланысты құжаттарды дайындау; басқарма қызметкерлері жеке істерінің жүргізілуін бақылау; медицина ұйымында жұмыс жасау үшін талап етілетін жұмыс өтілі мен біліктілігі бар кадрларды тартуды ұйымдастыру; кадрларды тиімді пайдалану, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және оңтайландыру бойынша шаралар әзірлеу; дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан уақытылы өтуін ұйымдастыру; мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету; мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету; бөлімге келіп түсетін хаттардың уақтылы орындалуына және бұйрықтардың дұрыс толтырылуына бақылау жүргізу; Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін тапсырмалардың бөлім мамандарымен орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылау. Талдай білу және ұйымдастыру қабілеттері, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина) , Құқық («Құқықтану»), Білім («Қазақ тілі және әдебиеті»), Қызметтер мамандығы бойынша .
- Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, (D-O-3 санаты, индекс 01-7-1) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148301теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету; бөлімнің жұмыс жоспарын дайындау және оның орындалуын бақылау; тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және мемлекеттік сатып алуларға байланысты ҚР Үкіметінің басқа да заңнамалар мен қаулыларының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының жүзеге асырылуын бақылау; тапсырыс берушілерден (МҰ) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; тапсырыс берушілерден (МҰ) дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға, санитарлық автокөлікке, фармацевтикалық қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының өзгеруіне байланысты әдістемелік жұмыстың жүргізілуін ұйымдастыру; медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарды сатып алу бойынша есептің ұсынылуын бақылау; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қаладағы, аудандағы ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға практикалық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру; конкурс және аукцион тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есеп ұсынуды ұйымдастыру; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар процесін ұйымдастыру және іске асыру бойынша даярлық жұмыстарының уақтылы жүргізілуін бақылау; медициналық жабдықтарды сатып алу мониторингі мен оларды талдаулардың жүргізілуін және жоғары ұйымдарға есеп берулердің дер кезінде ұсынылуын бақылау; Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін тапсырмалардың бөлім мамандарымен орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылау;
Құқықтық мәселелердің қаралуы кезінде соттарда және басқа да органдарда, белгіленген тәртіпте, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мүддесін білдіру; ұйымдарды тіркеу мен қайта тіркеуге байланысты жұмыстардың заңнамаға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету; Мемлекеттік және жеке ұйымдардың лицензия бойынша жұмыстарының ұйымдастырылуын бақылау; басқармадағы іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүзеге асыра білу; кіріс және шығыс құжаттарының уақтылы тіркелуін бақылау; қызметіне қатысты бұйрық жобаларын дайындау;Талдай білу және ұйымдастыру қабілеттері, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы» , «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Жобаларды басқару», «Құқық» мамандығы бойынша).
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;
жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Қосымша ақпарат
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымфына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 ___ ж