субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Есқалиев көшесі,
177-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.
медициналық көмектің нысандары бойынша:
консультациялық-диагностикалық көмек;
стационарлық медициналық көмек, оның ішінде онкогематологиялық және инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға;
стационарды алмастыратын медициналық көмек (селоны қоспағанда, амбулаториялық гемодиализ);
медициналық көмектің түрлері бойынша:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
білікті медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмек.
көрсетілетін қызметтер бойынша:
- осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтер;
- шұғыл стоматологиялық көмек қызметтері;
- жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтері;
- тіс жақ ақауларын (ортодонттық пластинаны) жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет саласындағы патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек қызметтері;
- қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту қызметтері;
- мейіргерлік күтім қызметтері;
- паллиативтік көмек қызметтері.
Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.
Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына жұмыс кұндері Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Есқалиев көшесі, 177-үй 3-қабатта 312 бөлмеде қабылданады.
Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«19» қазан 15 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «26» қазан сағат 18:30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8-7112-97-20-45, 8-7112-97-20-40, 8-7112-97-20-47.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияға өндірістік базаның орналасқан жері бойынша жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді.
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.zdrav-bko.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруға
1-қосымша
Қымбат тұратын
консультативтік-диагностикалық қызметтердің тізбесі
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес)
- Полимеразды тізбекті реакция
- Иммуннды фенотиптеу
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг)
- Компьютерлік томография
- Магниттік-резонансты томография
- Позитрондық-эмиссиялық томография.
- Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография
- Ангиография