18.04.2024
08:21

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
12 Қыркүйек 2018
913

Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізудің басталатындығы туралы хабарлама

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қараша аралығындағы мерзімде азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК ұйымы) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізудің басталатындығы туралы хабарлайды.

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі. Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорыәлеуметтік медициналық сақтандыру қорының https://fms.kz/ru/select-medical-inst интернет-ресурсында орналастырылған.

Азаматтарды тіркеу МСАК ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасағанда жүргізіледі. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе