18.04.2024
17:27

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
19 Шілде 2018
1118

2018 – 2019 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын жоғары білімі бар мамандарды даярлауға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын жариялау туралы

"Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі 2018 – 2019 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура) бойынша кадрларды даярлауға білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсын жариялайды.

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларға қажеттілігінің басымдықтарына сәйкес 2018 жылдың 25 маусым күні жоғары білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссия қажетті 28 маманға сұранысты анықтады (конкурстық комиссия отырысының 25.06.2018 жылғы №05-001-03/127 хаттамасы қосымша жалғанады).

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай – ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі- Қағидалары) сәйкес 2018 – 2019 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен осы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 28 адамға жоғары оқу орындарына орналастырады.

Жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге (резидентура) қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысу үшін Орал қаласы, Достық-Дружба, 201-ғимаратта орналасқан «Батыс Қазақстан облысың денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қағидаға сәйкес жоғары оқу орындары келесі құжаттар топтамасын ұсынады:

1) Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімі;

2) Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

3) Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге (резидентура) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастын қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2018 жылдың 13-23 шілдесі аралығында қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2018 жылдың 23 шілде күні сағат 18.30-ден қалмай Орал қаласы, Достық-Дружба, 201 ғимаратта орналасқан «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

№115 кабинетіне құжаттар жинағын жеткізу қажет. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру комиссиясы 2018 жылдың 24 шілде күні 11.00 сағатта жоғары оқу орындарының конкурстық құжаттарын қарастырады.

 

 

Жүктеу

Жүктеу

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе