22.11.2024
05:45

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
01 Маусым 2018
2069

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 090001, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, анықтама үшін телефондар: 8(7112)245525, факс 8(7112)245508, электрондық мекен-жайы: oblzdrav@westkaz.kz, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімш

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 090001, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, анықтама үшін телефондар: 8(7112)245525, факс 8(7112)245508, электрондық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,  бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

       

  1. Персоналды басқару қызметінің басшысы, (D-O-3 санаты, индекс 01-7-1) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148301теңгеге дейін .

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім:

Медицина мамандығы бойынша немесе Құқық («Құқықтану» мамандығы бойынша)

     Функционалдық міндеттері:   Бөлім жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету; тәртіптік, конкурстық, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларының қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды ұйымдастыру; белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қызметшілердің конкурстық іріктеуін ұйымдастыру; басқарма қызметшілерінің мемлекеттік қызметпен байланысты  шектеулерді сақтауын бақылау; қызмет орнын пайдаланудың, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің алдын алу; басқарма жұмыстарымен байланысты құжаттарды дайындау; басқарма қызметкерлері жеке істерінің жүргізілуін бақылау; медицина ұйымында жұмыс жасау үшін талап етілетін жұмыс өтілі мен біліктілігі бар кадрларды тартуды ұйымдастыру; кадрларды тиімді пайдалану, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және оңтайландыру бойынша шаралар әзірлеу; дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан уақытылы өтуін ұйымдастыру; мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету; мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету; бөлімге келіп түсетін хаттардың уақтылы орындалуына және  бұйрықтардың дұрыс толтырылуына бақылау жүргізу; Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін тапсырмалардың бөлім мамандарымен  орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылау. Талдай білу және ұйымдастыру қабілеттері, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.  

 

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

      
      жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;    

       6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

         7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 Кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар:  Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін заңдарын білу.

         Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, (D-O-4 санаты, индекс 01-4-4), (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.Медицина мамандығы бойынша.

   Функционалдық міндеттері: Облыс орталығы  тұрғындарына медициналық   қызмет көрсету; қаланың денсаулық сақтау саласының кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу; тұрғындар денсаулығы көрсеткіштерін, амбулаторлық-емханалық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын зерделеу; үйлестіру кеңесіне, емдеу-профилактикалық кеңес жұмысына материалдар дайындау; бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау. Талдай білу  қабілеті, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

  1. Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-5-2), (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне)  лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.Медицина мамандығы бойынша.

  Функционалдық міндеттері:  Сәби және бала өлімін талдау; штаттан тыс мамандардың жұмысын қадағалау; онкогематологиялық қызметті ұйымдастыру; амбулаторлық-емханалық мекемелермен балаларға және босануға жәрдемдесетін стационарлардағы балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасына бақылау жасау; жаңадан туылғандар және ерте жастағы балалардың саулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, облыстық және ұлттық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру; облыстық мамандарға мастер-класс, тренингтер, семинарлар, конференциялар, «Педиатр күні» шарасын ұйымдастыру; медициналық ұйымдарға кезектен тыс және жоспарлы шығулар; бөлімге түскен хаттарға жауаптар дайындау.  Талдай білу  қабілеті, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

  1.        Мемлекеттік сатып алу және дәрілік қамту бөлімінің бас маманы(D-O-4 санаты, индекс 01-10-2), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: Медицина мамандығы бойынша немесе Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес («Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика» мамандығы бойынша)

     Функционалдық міндеттері: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және мемлекеттік сатып алулар мен дәрілік қамтамасыз етумен байланысты ҚР Үкіметінің басқа да заңнамалар мен қаулыларының, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұйрықтарының жүзеге асырылуын бақылау; тапсырыс берушілерден (МҰ) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; тапсырыс берушілерден (МҰ) дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға, санитарлық автокөлікке, фармацевтикалық қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының өзгеруіне байланысты әдістемелік жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу мәселелері және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қаладағы, аудандағы ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға практикалық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсету; ведомствоға қарасты медициналық ұйымдардан ақпарат жинау; конкурс және акуцион тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есеп ұсыну; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар процесін ұйымдастыру және іске асыру бойынша даярлық жұмыстарын жүргізу; өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы белгіленген мемлекеттік статистикалық  есеп берулердің тиісті дәрежеде толтырылып, уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету; облыстың медицина ұйымдарына мемлекеттік сатып алулар бойынша әдістемелік көмек көрсету; қажет жағдайда күрделілігі бірдей басқа да міндеттерді атқару (бір маманның, екіншісінің болмауы жағдайында, оның орнына жұмыстарды атқаруы); бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.    

  1. Мемлекеттік сатып алу және дәрілік қамту бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-10-3), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353теңгеден 112376 теңгеге дейін.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: Медицина мамандығы бойынша немесе Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес («Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика» мамандығы бойынша)

         Функционалдық міндеттері:  Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және мемлекеттік сатып алулар мен дәрілік қамтамасыз етумен байланысты ҚР Үкіметінің басқа да заңнамалар мен қаулыларының, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұйрықтарының жүзеге асырылуын бақылау; тапсырыс берушілерден (МҰ) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; тапсырыс берушілерден (МҰ) дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға, санитарлық автокөлікке, фармацевтикалық қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының өзгеруіне байланысты әдістемелік жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу мәселелері және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қаладағы, аудандағы ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға практикалық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсету; ведомствоға қарасты медициналық ұйымдардан ақпарат жинау; конкурс және акуцион тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есеп ұсыну; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар процесін ұйымдастыру және іске асыру бойынша даярлық жұмыстарын жүргізу; өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы белгіленген мемлекеттік статистикалық  есеп берулердің тиісті дәрежеде толтырылып, уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету; облыстың медицина ұйымдарына мемлекеттік сатып алулар бойынша әдістемелік көмек көрсету; қажет жағдайда күрделілігі бірдей басқа да міндеттерді атқару (бір маманның, екіншісінің болмауы жағдайында, оның орнына жұмыстарды атқаруы); бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.    

  1. Мемлекеттік сатып алу және дәрілік қамту бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-10-4), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: Медицина мамандығы бойынша .

         Функционалдық міндеттері:  Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде босатылатын дәрілік заттардың қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігін бақылау; республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын дәрілік заттарды сатып алудың ай сайынғы мониторингін жүргізу; жоғары ұйымдарға есеп берулердің дер кезінде ұсынылуын қамтамасыз ету; облыс МҰ-ларының нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша дәрілік заттар, иммунобиологиялық препараттар мен медициналық жабдықтарды сатып алу жоспарларын құрастыру және олардың орындалуын бақылау; ТМККК шеңберінде бөлінген ақысыз және жеңілдікті дәрілік қамтамасыз ету бойынша бюджеттік қаржының тиімді игерілуін бақылау; облыс және қала тұрғындарының денсаулығы көрсеткіштерін, оларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын зерделеу; дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарға профилактикалық емдеу мекемелердің шеңберінде тапсырыс және дәрілік формуляр жасау; стационарлық және амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектер мониторингін жүргізу; этил спирттің шығысына және дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарды сатып алу бойынша есеп ұсыну; дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсерлерінің мониторингі; мемлекеттік сатып алу мәселелері және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қаладағы, аудандағы ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға практикалық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсету; ведомствоға қарасты медициналық ұйымдардан ақпарат жинау; қажет жағдайда күрделілігі бірдей басқа да міндеттерді атқару (бір маманның, екіншісінің болмауы жағдайында, оның орнына жұмыстарды атқаруы); бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.  

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:


           Жоғары білім;

 мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

 

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

        6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       7) ғылыми дәрежесінің болуы.

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің жетекші маманы    (D-O-5 санаты, индекс 01-6-3), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты   74954 теңгеден 101604 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша).

     Функционалдық міндеттері: Бейнеконференция байланысының (БКБ-селектор) жүргізілуіне бақылау; денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу үшін ИТ-инфраструктураны құру үшін ақпараттар ұсыну; облыс бойынша компьютерлік техникаға мониторинг жүргізу; салық есебінің бірыңғай формасы бағдарламасы бойынша декларацияларды жолдау; денсаулық сақтау жүйесінің негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша ақпарат ұсыну; алқа, кеңес жұмыстарына слайд әзірлеу; мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық порталы бағдарламасы жұмысына бақылау; басқарма басшысы мен мамандардың электронды-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) пайдаланылу мерзімдеріне бақылау; облыстық денсаулық сақтау басқармасының сайтына ақпарат орналастыру; облыстық әкімдіктің ресми сайтына ақпарат ұсыну; облыстық әкімдік, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі және басқа да басқармалардың денсаулық сақтау мәселесі бойынша сұраныстары бойынша хат алмасулар; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау  министрлігі, облыстың медицина ұйымдары және басқа да ұйымдармен электрондық байланысты орнату; құжаттарды сканерлеу; пошта арқылы құжаттарды жолдау және қабылдау; бөлімге келген хаттарға жауап дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

          D-O-5 мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдары санаттарына келесiдей үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары белгiленедi: жоғары бiлiм;
мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;
        Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жалпы  конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

– Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

– 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысанда  толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттық қызметтік тізімі;

– білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

– еңбек қызметін растатын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандығы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариальдық куәландырылған көшірмесі);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертикаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

– конкусқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген  «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама( немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру » мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына  сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған  күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті органға тапсырылуы тиіс.                                                                                                                                                  

Конкурс комиссиясының қаралуына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен  жіберілген құжаттар қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніне  кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің 21.02.2017 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қағиданың 101-тармағына сәйкес: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар , оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған  Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында әңгімелесуден  өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар  шақырылады.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

  

“Б” корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
   қағидаларының 2-қосымшасы      

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені___________________________________________________________

      ______________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына  қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      “___”_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ


ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОПУСА «Б»

 

 

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызмет, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/ должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________                                                                                    _________________

Кандидаттың қолы/                                                                                                    күні/дата

Подпись кандидата

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе