28.04.2024
10:07

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
15 Наурыз 2024
28

Облыстық қан орталығында қай кезде де қарбалас тірлік

Облыстық қан орталығында қай кезде де қарбалас тірлік. Әсіресе лек-легімен донорлар келген кезде жұмыс процесі тіптен қыза түседі. Мамандар әрбір келушіні жылы шыраймен қарсы алып, тиісті нұсқаулықпен таныстырады. Дәрігерлік тексерістен қан тапсыру бөлмесіне жолдама беріледі. Қарап отырсаңыз мұның бәрі де жақсылық жасаудың жарқын көрінісі. Медицина мамандары да, донорлар да хал үстінде жатқан науқастарды қажетті қанмен қамтамасыз етуге талпынады. Осы ізгі амалдар адам өмірін арашалап қалса, сауаптың үлкені сол емес пе?

Осы орайда Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты "Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мекемесінің басшылығы да үнемі қарлығаштың қанатымен су сепкендей қол ұшын созуға дайын тұрады. Бүгін мекеме мамандары кезекті рет қан тапсырып, ұжымның ұйымшылдығын көрсетті. Әрі өзгелерге өнеге бола білді. Бұл тұрғыда мекеме қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Донор болайық! Жақсылық жасап жарысайық!

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе