03.05.2024
19:07

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
13 Наурыз 2024
28

Ортақ шаңырақ астына топтасқан халқымыз мемлекетіміздің гүлденіп

Ортақ шаңырақ астына топтасқан халқымыз мемлекетіміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянып қалмайтындығы ақиқат. Осы орайда сайыпқыран сарбаздарға да артылған сенім үлкен. Жүректі жауынгерлеріміз еліміздің аумақтық тұтастығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қалтқысыз қызмет атқаруда. Әскерилер Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуден бөлек, төтенше жағдайлардың зардабын жоюға, елдімекендердегі қауіпсіздікті сақтауға, мұқтаж жандар үшін қол ұшын созуға атсалысып та тұрады . Мысалы, бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты «5513» әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымына Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы барып, сарбаздар өнегелі істің өрісін кеңейтті. Атап айтқанда әскерилер жаны жабырқап, жанары жәудіреп жатқан науқастарға демеу болып, донорлар қатарын толықтырды. Біз жауапты жұмыстың арасынан уақыт тауып, сауапты амалдың ұйытқысы болған «5513» әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылығына өз ризашылығымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе