20.05.2024
02:44

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
01 Наурыз 2023
187

Жамбыл облыстық қан орталығының ең басты міндеттерінің бірі- аймақтағы емдеу-алдын алу мекемелерін қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз ету

Жамбыл облыстық қан орталығының ең басты міндеттерінің бірі- аймақтағы емдеу-алдын алу мекемелерін қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз ету. Соңғы үш жылда 33059 доза қан компоненті дайындалып, ондаған мың адамның өміріне оң септігін тигізді. Бұл әрине, ауқымды жұмыс болғанымен көптің қолдау-көмегінің арқасында жүзеге асуда. Осы орайда Жамбыл облыстық полиция департаменті мен оған қарасты құрылымдық бөлімшелердің зор үлес қосып жатқанын айрықша айтуымыз керек.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінде Алғыс айту күніне орай өткен салтанатты жиында кеңінен баяндалды. Аталған басқосуда сөз сөйлеген облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров ерікті донор болу ерлікпен парапар іс екенін, бұл тұрғыда жамбылдық тәртіп сақшыларының өзгелерге үлгі көрсетіп келе жатқанын айрықша атап өтті.

Сонымен қатар салтанатты сәтте өтеусіз донорлықты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзинге, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаевқа, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаевқа, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Марат Бекболовқа Алғыс хаттар тапсырылды.

Жиын барысында қылмыстың алдын алуда қырағылық танытып, ерлік көрсеткен сала қызметкерлері марапатталып, ән мен жырдан шашу шашылды.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе