20.05.2024
22:53

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
22 Ақпан 2023
129

Құқықтық қоғам құру бағытында қадағалаушы органдарға жүктелген жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Әрбір арыз-шағымның артында адамның тағдыры жатыр

Құқықтық қоғам құру бағытында қадағалаушы органдарға  жүктелген жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Әрбір арыз-шағымның артында адамның тағдыры жатыр. Сондықтан да прокуратура саласының қызметкерлері кез келген  істі мұқият зерделеп, тиісті қорытынды шығаруға тырысады. «Әділетті Қазақстан» ұстанымының басты қағидасы да осы. 
Бүгін Тараз қалалық прокуратурасының ұжымы қауырт жұмыстарының арасынан уақыт тауып, облыстық қан орталығына келді. Сала қызметкерлері мұқтаж адамдардың сауығып кетуі үшін донор болып, сауапты іске үлес қосты. Бұл әрине өзгелерге үлгі боларлық-ақ қадам. Хәл үстінде жатқан жандардың жай-күйіне бейжай қарамай, парасаттылық пен патриоттықтың өнегесін көрсеткен Тараз қалалық прокуратурасының басшылығы мен ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе