Ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Балаларды мектепке 🚶♂️🏣 » Республикалық акциясы өз бастауын алған болатын.
Іс - шараның негізгі мақсаты әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндігі төмен отбасындағы оқушыларды керекті оқу- құралдарымен 📔✏️📍қамтамасыз ете отырып, қуанышты көңіл- күй сыйлау🥰. Жыл сайын Г.Умаров - қан орталығының директоры, облыстық маслихат депутаты және қан орталығының ұжымы республикалық акцияға белсенді ат салысады. Осы жылы 4 бала мектепке даярлап🧒👦👩🧑, жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал-жабдықтары мен мектептің біркелкі киім үлгісі👔👕🥼👞і табысталды. Балалардың ата – анасы акция соңында "Нұр Отан" партиясына, Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымына үлкен алғыс білдірді.