28.03.2024
23:32

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
25 Қыркүйек 2018
1394

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Астана ықшам ауданы, 16 ШЖҚ «Қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК-ға ангиографты лизингке сатып алу» туралы хабарландыру.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Астана ықшам ауданы, 16  ШЖҚ «Қалалық көпбейінді  ауруханасы» МКК-ға ангиографты лизингке сатып алу» туралы хабарландыру.

 

Қажетті техника: ангиографиялық қондырғы.

МЖӘ түрі: лизинг.

Қызмет түрі: медициналық техника лизингі, кепілдік сервистік қызметті қамтамасыз ету.

Жобаның мерзімі: 3 жыл және 2 ай, соның ішінде кепілдік сервистік қызмет – 2 жыл 10 ай.

Шығындарды өтеу және кірістерді алудың болжамды көздері: жалгерлік (лизингтік) төлемдер.

Жобаның құны:  370 362 мың теңге.

 

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабы бойынша біліктілік талаптарына және жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурстіқ құжаттамаға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Конкурсты ұйымдастырушыға берілетін қажетті конкурстық құжаттар және әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар, конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жарияланғаннан сәттен конкурстық құжаттар бумасының көшірмелерін сағат 9.00- ден 13.00-ге және 14.30-дан 18.30-ға дейін мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 201,  114 кабинет алуға болады.  Конкурстық құжаттама топтамасының бумасы тегін ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер, сонымен қатар біліктілігі бойынша іріктеу үшін құжаттар, әлеуетті  қатысушылармен желімделген конверттерде «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не мына мекенжай бойынша:  Орал қаласы, Достық даңғылы, 201, 114 кабинет қолма-қол жеткізіледі.

Әлеуетті жекешелік әріптестін біліктілік талаптарына сәйкестігін  растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі  – 2018 жылдың 28 қыркүйегінің сағат 15.00-ге дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдердің соңғы мерзімі  – 2018 жылдың 25 қазанының сағат 11.00.-ге дейін.

Конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу 2018 жылдың 25 қазанында сағат 15.00.-де мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201, 117 кабинет. 

Нақтыланған ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сінде, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201, алуға болады,  8/7112/245518, 8/7112/245506, жауапты тұлғалар – Перепелкина Людмила Анатольевна, Каналиев Асылбек Саламатович.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе