29.03.2024
20:02

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
11 Қыркүйек 2018
1461

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

10.09.2018ж

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 090001, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, анықтама үшін телефондар: 8(7112)245525, факс 8(7112)245508, электрондық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,  бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

1. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,  (D-O-4 санаты, индекс 01-3-4),  (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:
Облыс орталығы  тұрғындарына медициналық   қызмет көрсету; қаланың денсаулық сақтау саласының кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу; тұрғындар денсаулығы көрсеткіштерін, амбулаторлық-емханалық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек сапасын зерделеу; үйлестіру кеңесіне, емдеу-профилактикалық кеңес жұмысына материалдар дайындау; бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау. Талдай білу  қабілеті, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина) мамандығы бойынша.
  
2. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы,  (D-O-4 санаты, индекс 01-3-5),  лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  
Жеке және Заңды тұлғалардың жүгінулері бойынша жұмыстану; Жол карталары, өңірлік және мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу (құзыры шеңберінде); облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттарды, есептерді, анықтамаларды дайындау; бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау.Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.   

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина) мамандығы бойынша.

3. Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-4-2), (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне)  лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353теңгеден 112376теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:  
Сәби және бала өлімін талдау; штаттан тыс мамандардың жұмысын қадағалау; онкогематологиялық қызметті ұйымдастыру; амбулаторлық-емханалық мекемелермен балаларға және босануға жәрдемдесетін стационарлардағы балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасына бақылау жасау; жаңадан туылғандар және ерте жастағы балалардың саулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, облыстық және ұлттық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру; облыстық мамандарға мастер-класс, тренингтер, семинарлар, конференциялар, «Педиатр күні» шарасын ұйымдастыру; медициналық ұйымдарға кезектен тыс және жоспарлы шығулар; бөлімге түскен хаттарға жауаптар дайындау.  Талдай білу  қабілеті, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (Медицина) мамандығы бойынша.

4. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу  бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-7-2),лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:
Басқармаға қатысты облыс әкімдігіне ұсынылатын қаулы жобаларын дайындау басқарма басшылығына қол қоюға  ұсынылатын бұйрықтар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестілігін  тексеру және оларды парафирлеу. Құқықтық мәселелердің қаралуы кезінде соттарда және басқа да органдарда, белгіленген тәртіпте, Басқармасының мүддесін білдіру; ұйымдарды тіркеу мен қайта тіркеуге байланысты жұмыстардың заңнамаға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету; тәртіптік комиссияның қызметін жүргізу;нормативтік құқықтық актілер жобаларын, процессуальды құжаттарды, сонымен қатар мемлекеттік органмен әзірленетін, заңды түрдегі басқа да құжаттарды, соның ішінде мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерімен оларды әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеу және шарттарды даярлау. Денсаулық сақтау басқармасы әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу; Мемлекеттік органға түсетін нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру; мемлекеттік органда құқықтық жаппай оқу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру.Заң актілерімен қарастырылған жағдайларда дайындау, мемлекеттік органның құзырына жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік орган атынан түсіндіру. Ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету. Белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның мүддесін сотта, сонымен қатар, басқа ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде қорғау. Заң күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралардың қолданылуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерін қарастыру. Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан медициналық, фармацевтикалық және денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия алуға тапсырылған құжаттарды қарау және лицензия беру бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік және жеке ұйымдарды лицензия алдындағы бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; лицензиялау мерзімдерін бақылау; мемлекеттік лицензиялар мен оларға қосымшаларды беру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету; мәліметтер базасын құру; лицензиялау бойынша қызметтің есебін және есеп берулерін (облыстық мемлекеттік басқару органдарына ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есеп берулерді) ұсыну; «Е-лицензия» бағдарламасымен жұмыс; бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау; емдеу-профилактикалық ұйымдар басшыларымен және орынбасарларымен жеке еңбек шарттарын жасау бойынша құжаттарды толтыру; бөлімге түскен хаттарға жауаптар мен бұйрықтар жобаларын дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  
Жоғары білім: Құқық  («Құқықтану» мамандығы бойынша).

5. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу  бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-7-3),лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:   Басқармадағы іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүзеге асыра білу; кіріс және шығыс құжаттарының уақтылы тіркелуін қамтамасыз ету; басшыға жеке сұрақтарымен келетін азаматтарды  қабылдауды жүргізу және орындалу барысын бақылау; хаттарды Казпошта арқылы жолдауға дайындау және жіберу; Мемлекеттік тілде іс жүргізу; істер номенклатурасын құру; бақылауда тұрған хаттар мен азаматтардан түскен арыз-шағымдардың басқарма қызметкерлерімен уақтылы қаралуын ескертіп отыру; тиісті есептерді уақтылы орындау;  басқармаға іссапармен келген тұлғалардың іссапар куәліктерін тіркеу;  Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  
Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес , құқық, гуманитарлық ғылымдар ,білім, қызметтер,  мамандығы бойынша)

6. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу  бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-7-4),лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:   
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және мемлекеттік сатып алуларға   байланысты ҚР Үкіметінің басқа да заңнамалар мен қаулыларының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының жүзеге асырылуын бақылау; тапсырыс берушілерден (МҰ) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; тапсырыс берушілерден (МҰ) дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға, санитарлық автокөлікке, фармацевтикалық қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру процесі; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының өзгеруіне байланысты әдістемелік жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу мәселелері және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қаладағы, аудандағы ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға практикалық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсету; ведомствоға қарасты медициналық ұйымдардан ақпарат жинау; конкурс және акуцион тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есеп ұсыну; тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар процесін ұйымдастыру және іске асыру бойынша даярлық жұмыстарын жүргізу; өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы белгіленген мемлекеттік статистикалық  есеп берулердің тиісті дәрежеде толтырылып, уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету; облыстың медицина ұйымдарына мемлекеттік сатып алулар бойынша әдістемелік көмек көрсету; қажет жағдайда күрделілігі бірдей басқа да міндеттерді атқару (бір маманның, екіншісінің болмауы жағдайында, оның орнына жұмыстарды атқаруы); бөлімге түскен хаттарға жауап дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  
Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы» , «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Жобаларды басқару», «Құқық» мамандығы бойынша).

7. Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, индекс 01-9-3),лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282теңгеден 112431теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:
Бейнеконференция байланысының (БКБ-селектор) жүргізілуіне бақылау; денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу үшін ИТ-инфраструктураны құру үшін ақпараттар ұсыну; облыс бойынша компьютерлік техникаға мониторинг жүргізу; салық есебінің бірыңғай формасы бағдарламасы бойынша декларацияларды жолдау; денсаулық сақтау жүйесінің негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша ақпарат ұсыну; алқа, кеңес жұмыстарына слайд әзірлеу; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі және басқа да басқармалардың денсаулық сақтау мәселесі бойынша сұраныстары бойынша хат алмасулар; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі, облыстың медицина ұйымдары және басқа да ұйымдармен электрондық байланысты орнату; құжаттарды сканерлеу; пошта арқылы құжаттарды жолдау және қабылдау; бөлімге келген хаттарға жауап дайындау. Талдай білу қабілеті және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша).
      
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары білім;
мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болғандықтан  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Жалпы  конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
- 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысанда  толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттық қызметтік тізімі;
- білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
- еңбек қызметін растатын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандығы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариальдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертикаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- конкусқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген  «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама( немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру » мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына  сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы      
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш

      Мені___________________________________________________________
      ______________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына  қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________

______________________________________________________________

 

_______________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________

___________________________________________________________________________
       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
      "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызмет, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/ должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
_____________________                                                                                    _________________
Кандидаттың қолы/                                                                                                    күні/дата
Подпись кандидата

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе