27.09.2020
13:17

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

25 Шілде 2018
295

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Есқалиев көшесі,
177-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде,  көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.


медициналық көмектің нысандары бойынша:

  • стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастыратын медициналық көмек.

медициналық қызметтердің түрлері бойынша:

  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек.

 

қызметтер бойынша:

  • гемодиализ қызметтері, перитонеалды диализ;

- қалпына келтіру ем қызметті және оңалту.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъетілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БатысҚазақстан облысы бойынша филиалына жұмыс кұндері Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Есқалиев көшесі, 177-үй 3-қабатта 312 бөлмеде қабылданады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«25» шілде 9 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «08» тамыз, 18 сағат  30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8-7112-97-20-45, 8-7112-97-20-40, 8-7112-97-20-47.

Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияға өндірістік базаның орналасқан жері бойынша жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді.
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.zdrav-bko.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе