27.09.2020
11:57

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

01 Маусым 2018
410

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғандығы туралы жариялайды және әлеуетті жеке әріптестерді

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғандығы туралы жариялайды және әлеуетті жеке әріптестерді:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Савичев көшесі, 85 үй орналасқан «ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК асханасын жөндеумен  және технологиялық жабдықтарды ауыстырумен жалға алу» жобасын талқылау үшін шақырады.

Келесі құрамдағы МЖӘ объектісін беру көзделуде:
Бір қабатты ас блогының ғимараты, 1963 жылы салынған, жалпы ауданы 625,0 ш.м.

Қызмет түрі: ғимаратты жөндеу және технологиялық жабдықтарын ауыстыру және оны әрі қарай қолдану.

МЖӘ түрі: мемлекеттік мүлікті жалға алу.

Жобаның мерзімі: 7 жыл

Болжамды шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері: 

  • МЖӘ объектісін пайдалану үдерісінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату;
  • Инвестициялық шығындар өтемақысы;

Жоба бойынга ұсыныстар 2018 жылдың 5 маусымына дейін қабылданады.
Барынша толығырақ ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201 үй мекенжай бойынша алуға болады, байланысушы тұлға – Каналиев Асылбек Саламатович, телефон 8- 7112-24-55-06.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе