28.03.2024
20:45

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
01 Маусым 2018
1009

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау

Субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы

Хабарландыру.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Есқалиев көшесі,
177-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.
медициналық көмектің нысандары бойынша:
стационарды алмастыратын медициналық көмек (гемодиализ бен     
перитонеалдық диализ қызметтері).
медициналық көмектің түрлері бойынша:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек бойынша;
мамандандырылған медициналық көмек бойынша.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына жұмыс кұндері Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Есқалиев көшесі, 177-үй 3-қабатта 312 бөлмеде қабылданады.  

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«24» мамыр 9 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «30» мамыр  сағат 18:30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8-7112-97-20-45, 8-7112-97-20-40, 8-7112-97-20-47.

Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияға өндірістік базаның орналасқан жері бойынша жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді.
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.zdrav-bko.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе