28.03.2024
23:57

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
19 Мамыр 2021
694

Донорлықтан тұрақты шеттету белгілері абсолютно

Донорлықтан тұрақты шеттету белгілері абсолютно

  • Инфекциялық аурулар: В және С гепатиті, АИТВ-инфекциясы, ЖИТС, сифилис, туберкулез (барлық түрлері), туляремия, бөртпесүзек, лепра, В, С, АИТВ 1,2 вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зерттеулердің оң нәтижесі, мерез.
  • Инъекциялық есірткі тұтынушылары.
  • Паразиттік аурулар: эхинококкоз, токсоплазмоз, трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз.
  • Жүрек–қан-тамыры аурулары.
  • Декомпенсация кезеңінде тыныстық жетіспеушілік белгілері бар тыныс алу мүшелерінің аурулары.
  • Функция мен зат алмасуының қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны).
  • Тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоздар.
  • Қатерлі ісіктер және қан аурулары.
  • Ағзаларды трансплантаттау.
  • Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары.
  • Есту мен сөйлеуден толық айрылу.
  • Анемнездегі анафилаксия расталған тұлғалар.
  • Белгіленген генетикалық аурулар.

Қан донорлығынан уақытша шеттету белгілері

  1. Гемотранмиссиялық инфекцияларды жұқтыру факторлары:
  • Операциялық араласулар, оның ішінде түсіктер, аппендэктомия, холецистэктомия, репродуктивтік жүйе мүшелері және амблуториялық хирургия - 4 ай.
  • Акупунктура, татуировка және пирсинг – 4 ай.
  • Тіс экстракциясы – асқынулар жоқ болса – 14 күн
  1. Ауырған аурулар және вакцинациялар:
  • Ангина - сауығу кезінен бастап 1 ай.
  • Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция Сауығып, өзін-өзі қанағаттанарлық сезінгенде - 2 апта.
  • Жіті гломерулонефрит - расталған толық жазулудан кейін 5 жыл.
  • Шиеленісу фазасындағы аллергиялық аурулар - шиеленісу мерзімі басылғаннан кейін 2 ай.
  • Жүктілік және бала емізу кезеңі - босанғаннан соң 1 жыл.
  • Өлтірілген вакцинамен егу алғандар - 2 апта.
  1. Көңіл-күйі себебінен және өзге де факторлар бойынша терапевттің шеттеуі:
  • Ішімдікті қабылдау - 48 сағат.
  • Антибиотикі қабылдау - қабылдап болғаннан соң 2 апта.
  • Анальгетиктер, салицилаттарды қабылдау - қабылдап болғаннан соң 3 күн.
  • Қанды тапсыру алдында түнгі ауысымдағы жұмыс - 24 сағат.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе