24.04.2024
04:35

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
27 Шілде 2020
1121

Бүгін біздің қан орталығымызға қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев мырза қан тапсырды

Бүгін біздің қан орталығымызға қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев мырза қан тапсырды. Балуан қазақ күресінің дамуына күш салып, өзінің жолын қуатын шәкірт тәрбиелеп, қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы қызметін атқарып отыр.

Салауатты өмір салтын насихаттап қаншама жасөспірімге үлгі болып келе жатқан Ыстыбаев Бейбіт мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз.
«Қан тапсыру - салауатты өмір салтын құрайтын компоненттердің бірі, себебі ол ағзадағы зат алмасуды жақсартады.Сондықтан, науқас адамның денсаулығын сақтап қалу мақсатында қан тапсыруды «үнсіз ерлік» деп санауға болады! Біз біргеміз❤️» -деді әлем чемпионы.
Денсаулығы жарамды, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның компоненттерін тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады. Кез-келген адам.... және Сіз!
#BizBirgemiz #РахметСізгеДонор #Қантапсыр #ЖамбылОблыстықҚанОрталығы
#Өміргеүмітсыйла #ЖамбылскийОбластнойЦентрКрови
#tarazdonor #донорство #СпасибоВамДонор
#сдайкровь #челлендж #RCD #redcrescentk

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе